Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жойғыш ұшақтар ұшады: Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындарына ескерту жасады

28 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, іс-шараға дайындық аясында 24 мамырдан бастап Астана әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығу ұшулары басталады.

«Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу шаралары қауіпсіз биіктікте өтеді және қала тіршілігіне кедергі келтірмейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезінде шу деңгейінің қысқа уақытқа көтерілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Министрлік барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына қатаң сай ұйымдастырылғанын және халыққа ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.

«Түрлі түсті түтін тек көрсетілім мақсатында пайдаланылады және қоршаған ортаға зиян келтірмейді», – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ресми мәлімет бойынша, экипаж уақытылы катапульта жасап үлгерген. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі Ұшу қауіпсіздігі департаментінің бастығы жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына авиация саласының бейінді мамандары енгізілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus