Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Себеп жоқ“: Гвардиола “Манчестер Ситиден“ кететінін ресми түрде мәлімдеді

Испаниялық бапкер Хосеп Гвардиола "Манчестер Сити" командасына келгеніне 10 жыл толғанда клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қалалықтар" тарихындағы ең табысты және футбол әлеміндегі ең ықпалды жаттықтырушылардың бірі "Ман Ситидегі" жолы аяқталғанын айтты.
Бапкердің сөзінше, кетуіне ешқандай ерекше себеп жоқ, тек командадағы уақыты аяқталғанын сезінген.

"Менен кетуімнің себебін сұрамаңыздар. Оған ешқандай себеп жоқ, бірақ іштей өз уақытымның келгенін білемін. Ештеңе мәңгілік емес, егер солай болса, мен осында қалар едім. Тек менің "Манчестер Ситиге" деген сезімім, адамдар, естеліктер мен махаббатым ғана мәңгі сақталады", - деді Гвардиола клуб жанкүйерлеріне жолдаған үндеуінде.

Пептің жолы
Гвардиола Манчестерге "Бавариядан" кейін 2016 жылдың шілдесінде келіп, 10 жыл ішінде клубпен бірге көптеген трофейге қол жеткізді. Оның басшылығымен команда алты рет Англия чемпионы атанды, Англия кубогы мен Лига кубогын үш мәртеден жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар лигасында бір рет топ жарды.
Айта кетерлігі, Гвардиола Ағылшын Премьер-лигасына келгелі бері одан басқа ешбір бапкер қатарынан кем дегенде екі рет чемпион атана алмаған. "Манчестер Сити" 2019-2024 жылдар аралығында Тұманды Альбионда үстемдік құрды, тек соңғы екі маусымда ғана алтын жүлдеге жете алмады.
Биыл Гвардиоланың командасы Англия кубогы мен Лига кубогын жеңіп алғанымен, чемпиондық бәйгеде "Арсеналға" жол берді. Ал Чемпиондар лигасында "Манчестер Сити" 1/8 финалда мадридтік "Реалдан" жеңіліп қалды.

"Бірге өткізген тамаша уақыт-ай". ???? pic.twitter.com/WpkFecBYT4
— Manchester City (@ManCity) 22 мамыр, 2026
Қазіргі таңда Гвардиоланың орнын басатын маман ресми түрде тағайындалған жоқ, бірақ инсайдерлердің мәліметінше, бұл қызметті испандық бапкердің штабында бірнеше жыл жұмыс істеп, кейін өз бетінше тәжірибе жинақтаған Энцо Мареска иеленуі мүмкін.
Бұған дейін мадридтік "Реалдың" бас бапкері қызметінен Альваро Арбелоа кететінін мәлімдеген болатын.
Ал испаниялық Хаби Алонсо лондондық "Челсидің" бас бапкері болып тағайындалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus