Аула тазалаушы, бағбандар мен жұмысшылар Президенттен мемлекеттік наградалар алды
Президент жарлығымен Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Ордендер мен медальдар коммуналдық қызмет жұмысшыларына, өңірдегі мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ еріктілерге табысталды. Барлығы 22 адам марапатқа ие болды.
III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен:Әбішов Мұхтар Пірназарұлы – "Жасыл саябақтар" МКМ бағбаны, Түркістан облысының Бәйдібек ауданыКүзембаева Әмина Байдүсенқызы – "Темірлан абаттандыру" КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Ордабасы ауданыҚонысов Ердос Ақболатұлы – "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК "С.Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музей" филиалының экскурсия жүргізушісіМатибаева Райхан Темірбайқызы – "Леңгір тазалық" КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Төлеби ауданыОрынбасар Парымбек Қаныбекұлы – "Тұран су" МКК инженер-гидротехнигі, Түркістан қаласы;"Ерен еңбегі үшін" медаліменӘбдиев Тахир Батырбекұлы – "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК Түркістан қалалық №1 кіші бекетінің меңгерушісіӘбдіраев Мадияр Ізбасарұлы – "Түркістан жарық-тазалық" ЖШС жұмысшысы, Түркістан қаласыӘдешов Сырым Серікбайұлы – "Жасыл қала" КММ жұмысшысы, Түркістан облысының Кентау қаласыӘлімбеков Руслан Мұратұлы – "Әулие ата" ЖШС директоры, Түркістан облысыБайнеев Бағдат Мұқашұлы – "Созақ сәулет" МКК трактор жүргізушісі, Түркістан облысының Созақ ауданыБекжанов Әлімбек Шамбилұлы – Жетісай ауданы әкімдігінің "Жетісай қызмет" КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысыБектаев Ернар Нұралыұлы – волонтер, Түркістан облысы
Бойбусинов Әлдибек Нұғмонұлы – "Шардара ауданының шаруашылық қызметі" КММ жұмысшысы, Түркістан облысыБөрібаев Бейділда Есімханұлы – "Отырар 2050" КММ көлік жүргізушісі, Түркістан облысының Отырар ауданыЕсімов Мекенбай Сүйінбекұлы – "КДСМ" ЖШС директоры, Түркістан облысыҚабылова Салтанат Орынбасарқызы – "Мырзакент-Қызмет" КММ аула тазалаушысы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданыҚожамбердіұлы Ғабит – "Жасыл Арыс" КММ бағбаны, Түркістан облысыМақанбай Айда Орынбасарқызы – волонтер, Түркістан қаласы
Мырзалиев Төлеби Әділжанұлы – "Түркістан облысының құрылыс басқармасы" ММ бас маманыМырзамұратов Нұрғали Алтайұлы – Сарыағаш ауданы әкімдігінің "Сарыағаш қызмет" КММ жұмысшысы, Түркістан облысыОмаров Алишер Абдувахитович – волонтер, Түркістан қаласы
Тасқынбаев Әбиболла Мұсабекұлы – Келес ауданы әкімдігінің "Келес қызмет" КММ жұмысшысы, Түркістан облысы.
Мән-жайы15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтті. Жиын жасанды интеллект пен цифрлық даму мәселелеріне арналды.
Түркістан түркі әлемін қалай біріктірді?
Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие - бұл мәртебе 2021 жылдың наурызында бекітілген. Содан бері қала ірі мемлекетаралық кездесулердің тұрақты алаңына айналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді.