Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, найзағай: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" 20 мамыр, сәрсенбіге арналған еліміздің қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды дауыл, солтүстігінде - нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Батыс пен шығыста айтарлықтай жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалар бойынша ауа райы

Астана - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматы - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашын болжанбайды. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Шымкент - айнымалы бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Түркістан - айнымалы бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан секундсына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Қонаев - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Талдықорған - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 7-12 метр, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Қызылорда - бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнап, дауыл соғып, шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан секундсына 9-14 метр, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Тараз - айнымалы бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Ақтау - айнымалы бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Атырау - айнымалы бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде 3-8, күндіз секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 31-33 градус жылы.

Орал - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Ақтөбе - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундсына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Қарағанды - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, секундсына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Жезқазған - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Қостанай - айнымалы бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, секундсына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Көкшетау - айнымалы бұлт шығады, күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундсына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде секундсына 9-14 метр, күндіз 15-20, екпіні 25 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Павлодар - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.

Семей - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Өскемен - айнымалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus