Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

3,9 миллион теңге жалақы сұрайды: Еңбекмин ең “қымбат“ мамандарды атады

Сәуір айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер шамамен 104,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, ізденушілер 123,3 мың түйіндеме орналастырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы бос жұмыс орындары мен ұсынылған жалақы мөлшері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еңбек министрлігінің деректеріне сәйкес, сәуір айында Қазақстанда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны келесі мамандарға ұсынған:

ұшқыштарға - шамамен 1,9 миллион теңге,бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторларына - шамамен 1,7 миллион теңге,жабдықтарды сынау жөніндегі басшыға - шамамен 1,6 миллион теңге.

Бұл ретте ізденушілердің өздері түйіндемелерінде бұдан да жоғары жалақы күтетінін көрсеткен. Ең көп еңбекақы алғысы келгендер:

ұшқыштар - шамамен 3,9 миллион теңге,стюардессалар - шамамен 2,1 миллион теңге,бет-жақ хирургтері - шамамен 2 миллион теңге.

Еңбек нарығындағы жағдай
Жұмыс күшінің жалпы ұсынысы сұраныстан басым болуын жалғастырып отыр. Ізденушілердің белсенділігі жұмыс берушілермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болды. Бос жұмыс орындарының саны бойынша білім беру саласы көш бастап тұр - 20,2 мың ұсыныс. Одан кейінгі орында өзге де қызмет түрлері секторы - 15,5 мың бос жұмыс орны.
Сондай-ақ ауыл, орман және балық шаруашылығында (10,7 мың), өңдеу өнеркәсібінде (9,5 мың) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласында (9,4 мың) жоғары сұраныс сақталған.
Бос жұмыс орындарының ең көп саны Астанада (8,5 мың), Павлодар облысында (7,2 мың), Алматыда (6,7 мың), Ақмола облысында (6,6 мың) және Қарағанды облысында (6,4 мың) тіркелді.
Біліктілік және сұраныс құрылымы
Бос жұмыс орындарының шамамен 46 пайызы орта біліктілік деңгейіндегі мамандарға тиесілі. Жоғары білікті және төмен білікті позициялардың әрқайсысы 27 пайызды құрайды.Ізденушілер тарапынан ұсыныс құрылымы сұранысқа жақын: түйіндемелердің 42 пайызы орта деңгейге, 31 пайызы - жоғары деңгейге, 27 пайызы - төмен деңгейге тиесілі.Ізденушілердің жасы мен жынысыҮміткерлердің 39 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар. 35–44 жас аралығындағылар - 28 пайыз, 45–54 жастағылар - 20 пайыз, 55 жастан асқандар - 13 пайыз.
Гендерлік бөлініс бойынша түйіндемелердің 53 пайызы әйелдерге, 47 пайызы ерлерге тиесілі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus