Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді

Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында спортқа қалай келгені туралы қысқаша естелік жазды. Жазба соңында ол алдағы уақытта да жекпе-жектер өткізуді жоспарлап отырғанын айтып, жанкүйерлеріне 2026 жылдың желтоқсанында рингке оралатынын жеткізді.

"6 жасымда қолғап киіп едім, міне 27 жылдан бері рингте жүр екем! Бір іспен тұрақты түрде 27 жыл айналысу да оңай емес! 4 бұрышты рингте не көрмедік?! Әлі де көреріміз көп! Рингті сағындық! Жанкүйерлердің де өнерімізді сағынып қалғанын білемін! Бұйыртса желтоқсанда әлем чемпионы титулымды қорғаймын", - деп жазды Әлімханұлы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы


Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанадағы "Барыс Аренада" рингке шыққан болатын. Онда ол Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде жетінші орында тұрған француз Анауэль Нгамиссенгемен кездесті.
Жекпе-жек жоспарланған 12 раундтың 5-раундында аяқталды. Әлімханұлы сол қолмен жасаған екі дәл соққы арқылы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында кубалық Эрисланди Лараға қарсы үш титул үшін өтуі тиіс жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда қазақстандық чемпионға допинг қолданды деген айып тағылған болатын. Сынамалардың бірінен тыйым салынған заттар табылып, соның салдарынан титулдық кездесу тоқтатылды.
2026 жылдың басында В сынамасын ашу процедурасы жүргізіліп, допингтің бар екені расталды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы


Осыдан кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекті бір жылға шеттету туралы шешім шығарды, бірақ оны чемпиондық белбеуінен айырған жоқ.
IBF өз үкімін 10 наурызда жариялады: осы ұйымның регламентіне сәйкес, Әлімханұлы чемпиондық өкілеттігін тапсыруға мәжбүр болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus