Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана тұрғындарына терек мамығының қаупі туралы ескертілді

Астананы терек мамығы басты. Елорда тұрғындары әлеуметтік желілерде көзге, мұрынға және киімге жабысатын "жазғы қарға" жаппай шағымданып жатыр. Бұл ретте ТЖД мамық жайсыздық тудырып қана қоймай, ірі өрттердің шығуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tengri Life.Қала тұрғындары не дейді?
Демалыс күндері Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде терек мамығы басқан көшелердің видеосы мен суреттерін жариялай бастады. Елордалықтардың айтуынша, сыртта жүру қиындаған: мамық бетке ұшып, киімге жабысады, айтарлықтай қолайсыздық тудырады.

"Терек ауаны шаң мен шығарынды газдардан тазартатынын, ылғалды сақтап, желден қорғайтынын түсінемін. Бірақ бұл мамық өте ыңғайсыз. Бастапқыда "аналық" ағаштарды аз отырғызу керек еді. Көшеде жүру мүмкін емес: бүкіл киім мамық, мұрын мен көзге кіреді", - деп жазды қала тұрғындарының бірі.

Кейбір тұрғындар әсіресе аллергиясы бар жандарға қиын соғып жатқанын айтып шағымданды.

"Астаналықтар, терек мамығының дәмі қалай екен? Бүгін ол барлық жерде - мұрында да, ауызда да жүр. Елордада неге сонша көп терек бар? Олардың пайдасы бар ма өзі?", "Мамық апокалипсисі басталды. Астанада әр жаз сайын аптап ыстықта "қар" жаудыратын ағаштарды отырғызуды кім ойлап тапты? Бұл мамық қазір барлық жерде: мұрында, көзде, шашта, тамақта және киімде. Қалада жұрт ауамен емес, терек мамығымен тыныстап жатқандай. Аллергиясы барлар туралы айтпай-ақ қояйын - олар үшін бұл жаз емес, кәдімгі тірі қалу маусымы", - деп бөлісті желі қолданушылары.

Скриншот: Threads

ТЖД не дейді?
Астана ТЖД терек мамығының тез тұтанғыш екенін ескертті.

"Терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанады", - деді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар тұрғындардан мамықты өртемеуін және балалардың аулада отпен ойнауына жол бермеуін сұрады.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (@112astana)


ТЖД мынадай кеңес береді:

терек мамығын өзіңіз өртемеңіз;балалардың оны өртеп ойнауына жол бермеңіз;сіріңке мен оттықты қолжетімді жерде қалдырмаңыз;мамық жиналған жерге су төгіңіз;мамықты үйден, көліктен және құрылыстардан аулақ алып тастаңыз.

Құтқарушылардың айтуынша, мамықтың әсіресе тұрақтардың, қоқыс алаңдары мен құрғақ шөптер маңында жиналуы қауіпті, себебі мұндай жерлерде от тез таралуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары 18 мамырда Астанада ауа райы қандай болатынын айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus