Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда нан бағасы бекітілді: енді бір бөлке нан қанша тұрады?

Алматыда әлеуметтік нан бағасы 2027 жылға дейін бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік нан қалай сатылады?

"Алматы" ӘКК әлеуметтік қалыпты нан өндіру және өткізу мақсатында "АЛМАТЫНАН" нан-тоқаш комбинатымен қарыз шартын жасасты. Бір бөлке нанның бағасы 130 теңгені құрайды, ал ең жоғары сауда үстемесі 15 пайыздан аспайды. Бұл шаралар 2027 жылдың мамырына дейін күшінде болады.

Келісімшартқа сәйкес, кәсіпорын бірінші сұрыпты ұннан 3 846 154 бөлке бидай нанын шығарады. Жекелеген дүкендер мен сауда желілері өнімді қосымша үстемесіз сата алады.

Әлеуметтік нан ірі сауда желілері мен "үй жанындағы" дүкендерге жеткізіледі.

Тағы қандай өнімдердің бағасы тұрақтандырылды?

Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл үшін "Алматы" ӘКК өңірлік тұрақтандыру қорын, өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыруды және форвардық келісімшарттарды пайдаланады.

Құс фабрикаларының бірімен бірінші санаттағы 86,4 миллион дана жұмыртқаны бір данасына 59 теңгеден аспайтын бағамен жеткізу туралы келісім жасалған. Өнім қаланың ірі сауда желілерінде сатылымда бар.

Сондай-ақ тауық етін өндірушілермен де келісімдер жасалған. Сан еті мен құс еті келісіне 1 100 теңгеден, ал сирақ 1 650 теңгеден сатылады.

Аталған тауарларға баға шектеулері үш жылға дейін сақталады.

Қант қанша тұрады?

"Алматы" ӘКК отандық өндірушілерден 4 500 тонна құмшекер сатып алды. Өнім ірі сауда желілері мен басқа да дүкендер арқылы сатылып жатыр.

Қанттың сату бағасы келісіне 405 теңгені құрайды. Сауда үстемесі 10 пайызбен шектелген. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылдың қарашасына дейін қолданылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus