Алматы-Бішкек тасжолында жоғалып кеткен ер адам үш айдан кейін өлі табылды
1987 жылы туған Өтеубаев Шыңғыс Иосифұлы 2026 жылғы 4 ақпанда жоғалып кеткен. Ол таңертең Жамбыл ауданы, Алматы - Бішкек тасжолының 60-шақырымындағы тұраққа заттарын қалдырып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Еріктілердің мәліметінше, 12 мамырда жол құрылысшылары адам аяғы баспайтын жерден ер адамның мәйітін тапқан. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласы және Алматы облысының «LIDER.KZ» еріктілерінің жарияланымы (@volontery_lider.kz_almobl)