Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қатесіз өтсем де, қайта тапсыруға жіберді“: астаналық көлік жүргізу бойынша емтиханға шағымданды

Tengri Auto редакциясына Астана тұрғыны хабарласып, мамандандырылған ХҚКО жұмысындағы ақаулар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, ұлы "В" санаты бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырған. Автодромдағы практикалық бөлімді қатесіз өткенімен, емтихан қорытындысы бойынша нәтиже есепке алынбаған.
Осыдан кейін олар мамандандырылған ХҚКО қызметкеріне жүгінген. Қызметкер мұндай жағдайлардың жиі болатынын түсіндіріп, апелляцияға беруге, сондай-ақ емтиханға қайта жазылуға кеңес берген.
Сондай-ақ оқырман жүйенің емтиханнан өтпеу себептерін әртүрлі көрсететінін айтты. Олардың жағдайында нәтиже "жол-көлік оқиғасы болды" деген желеумен жойылған, бірақ іс жүзінде ешқандай соқтығысу болмаған.
Оның сөзінше, мұндай мәселеге басқа үміткерлер де тап болып жатады. Тіпті апелляция бергеннен кейін де олар практикалық емтиханды қайта тапсыру үшін өз кезегін күтуге мәжбүр.
Біз бұл мәселе бойынша түсініктеме алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметіне хабарластық.

"Жалпы жүйе тұрақты жұмыс істейді және бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік корпорация автодромдарға қызмет көрсететін компаниялармен бірлесіп, жүйенің жұмысқа қабілеттілігі мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде іс-шаралар жүргізіп жатқанын атап өтеміз. Ал практикалық емтиханның орындалуын бағалау үшін автомобильдерге GPS-датчиктер орнатылған", - деп жауап берді баспасөз қызметінен.

Дегенмен, GPS-датчиктер әрдайым мінсіз жұмыс істе бермейді: сыртқы факторларға - сигнал берудегі кедергілерге немесе қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты деректерді тіркеуде ауытқулар мен қателер болуы мүмкін.

"Мұндай жағдайлар сирек кездеседі және бақылауда болады. Жүйе дұрыс жұмыс істемеген жағдайда емтихан алушы бұл деректі бірден тіркейді. Бұл тиісті акт ресімделіп, комиссиялық түрде - емтихан алушы, диспетчер және мамандандырылған ХҚКО басшысымен (немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен) расталады", - деп хабарлады корпорация.

Мұндай жағдайларда үміткер емтиханды қайта тапсырып, мүмкіндіктерінің бірін жоғалтпауы үшін емтихан нәтижесі жойылады.
Ол үшін "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы өтінім беру қажет. Өтініштер басымдық тәртібімен қаралады, содан кейін үміткерге қайта тапсыру үшін ең жақын қолжетімді уақыт ұсынылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus