Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Пара беруге уәде етсе сотталады. Қазақстанда жемқорлық үшін жаза қатаңдатылады

Қазақстанда пара алу-беруге қатысты, тіпті іс жүзінде пара берілмесе де, тек уәде етілгені үшін жазалау басталады. Толығырақ Мәжіліс депутаты Айдос Сарым айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Бүгін, 6 мамырда Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талқыланды. Депутат Айдос Сарым заңның күшейтілетінін, енді тек пара үшін емес, оған дейінгі әрекеттер үшін де жазаланады.

"Жобада пара беруге уәде ету, ұсыну, талап етумен байланысты әрекеттер қылмыстық сипатқа ие болады", – деді Сарым.

Толығырақ
Айдос Сарымның айтуынша, енді жазалауға ғана емес, сыбайлас жемқорлықтың мүлдем туындамауына баса назар аударылады. Ол үшін мүдделер қақтығысын реттеу тәртібі егжей-тегжейлі жазылып, комплаенс қызметтер мен әдеп қызметтерінің рөлі күшейтіледі.
Анықтама: Комплаенс қызметтер – бұл заңнама талаптарының, реттеушілердің, ішкі ережелердің, сондай-ақ әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ететін ұйымдардағы тәуелсіз құрылымдық бөлімшелер.
Сондай-ақ қатаң шектеулер енгізіледі – шенеуніктерге өз өкілеттіктерін жеке мүдделері үшін пайдалануға тікелей тыйым салынады. "Жеке пайда" ұғымы кеңейтіледі – мемлекеттік қызметшілер өздерінің ықтимал мүдделерін декларациялауы (яғни ресми түрде жариялауы) тиіс болады.

"Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүдделеріне пайдалануға жол бермеу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізіледі. "Жеке мүдде" ұғымын ашу – жеке мүдделерді декларациялау міндеті. Бірлескен қызметке жол берілмейтін адамдар тобы кеңейтілді, олардың қатарына байланысты тұлғалар да енгізілді", – деп түсіндірді мәжілісмен.

Егер мүдделер қақтығысы уақтылы реттелмесе, бұл үшін жаза қолданылады. Ал мүдделер қақтығысы жағдайында қабылданған шешімдер заңсыз деп танылуы мүмкін.
Бұған дейін қазақстандық шенеуніктерге мінсіз беделге ие болу міндеттелетіні хабарланған болатын. Бұдан бөлек, олар есірткі заттарын тұтынғаны немесе көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жұмыстан шығарылады. Мұндай норма бүгін Мәжілісте мақұлданған мемлекеттік қызмет туралы заң жобасында жазылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus