Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елтаңбаны қоқыстан тауып алып, үйіне іліп қойған қазақстандық жазаланды

Жетісу облысының тұрғыны Данияр Бейісқали Қазақстанның ескірген Елтаңбасын пайдаланғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының 37 жастағы тұрғыны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Ер адам 2022 жылы қоқыс тастайтын жерден мемлекеттік Елтаңбаның макетін тауып алған. Ауыл тұрғыны оны реставрациялап, үйінің қабырғасына іліп қойған.

"Тауып алған затым туралы бұған дейін аудандық әкімдікке хабарлағанмын, олар тексеру жүргізуге уәде берген. Бірақ кінәлі адам табылмады. Мен макетті билікке тапсырып, оның жойылу процесін телефонға түсіріп алуды сұрамақ болдым. Ақыр соңында бәрі ұмытылып кетті", - деді Данияр Бейісқали елтаңбаның үйінде ілулі тұра бергенін айтып.














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Бейісқали Данияр Серікұлының (@aksu_shagimi) жарияланымы


Сондай-ақ Жетісу облысының тұрғыны Елтаңба макеті фонында ара-тұра бейнероликтер түсіріп, оны өз жазбаларында пайдаланғанын айтты. Бұл полицияға шағым түсіруге негіз болған, ал тәртіп сақшылары оның әрекетінен мемлекеттік рәміздерді нысаналы мақсатынан тыс пайдаланумен байланысты заңбұзушылықты анықтады.

"Тексеру нәтижесі бойынша ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Данияр Бейісқали ӘҚБтК-нің 458-бабы бойынша жазаланып, оған 50 АЕК — 216 250 теңге айыппұл салынғаны белгілі болды.
Бұл жағдайға қатысты өңірге танымал адвокат Зарина Мейрембаева пікір білдірді. Ол құзырлы органдардың әрекеті талаптарға толық сәйкес келетінін және заңмен нақты реттелгенін айтады.

"Сонымен қатар мән-жайды да ескеру маңызды: азамат заң талаптарын елеусіз қалдырмаған және оның әрекетінде құрметсіздік белгілері жоқ. Ал Елтаңба макетін тиісті күйде сақтауға деген талпынысы түсіністікке лайық", - деді заңгер.

Осы арада Данияр Бейісқали бейнеүндеу жасап, қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді және бұл жағдайды ушықтырмауды сұрады. Ол макеттің кейін жойылуы үшін жергілікті билікке өткізілгенін айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus