Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда банкроттық рәсімін қолдану қағидалары өзгерді

Қаржы министрлігі "Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылғы 22 сәуірдегі бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда жеке тұлғалардың борышын кешіру тәртібі нақтыланды. Негізгі жаңашылдықтың бірі – енді азаматтар соттан тыс банкроттық аясында ломбардтар алдындағы берешегін есептен шығара алмайды.

Сондай-ақ рәсімді өткізу мерзімі қайта қаралды. Атап айтқанда, егер берешек сомасы 1600 АЕК-тен (2026 жылы – 6,92 миллион теңге) аспаса, ал міндеттемелер бес жылдан астам уақыт бойы орындалмаса, өтінішті қарау мерзімі бір айға дейін қысқартылады.

Бұл ретте қарыздардың жекелеген санаттары, соның ішінде микрокредиттер бойынша рәсім мерзімі бұрын белгіленген алты айдан ары қарай ұзартылуы мүмкін.

Банкроттыққа кімдер өтініш бере алады?

Мүлкі, оның ішінде ортақ меншіктегі үлесі жоқ, қарызы 1600 АЕК-тен аспайтын азаматтар соттан тыс банкроттыққа үміткер бола алады. Сонымен қатар өтініш берген сәтте өтініш иесі 12 ай қатарынан кредиторлар алдындағы берешегін өтемеген болуы тиіс.

Бұл ретте бір АЕК-тен (2026 жылы 4325 теңге) асатын бір ғана төлемнің өзі қарызды өтеу болып есептеледі.

Рәсім қалай жүреді?

Өтінішті тексеру мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың деректері негізінде Tazalau ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады – қағаз құжаттарды өткізудің қажеті жоқ.

Рәсім аяқталғаннан кейін азамат ресми түрде банкрот деп танылады, оның қарыздары кешіріледі, ал шешім мемлекеттік порталдарда жарияланып, өтініш иесіне электронды форматта жіберіледі.Бұйрық 2026 жылғы 8 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда банкроттық туралы заң күшіне енді. Ол азаматтарға үш рәсімнің бірі арқылы шамадан тыс қарыздан ресми түрде құтылуға мүмкіндік береді:– соттан тыс банкроттық – eGov арқылы өтініш беру, сотсыз;– сот арқылы банкроттық – мүлкі болған жағдайда сот арқылы;– төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – егер табыс кесте бойынша төлеуге мүмкіндік берсе.

Қазақстанда қазірдің өзінде 28 мыңнан астам адам банкрот деп танылған. Мемлекет 147 миллиардтан астам қарызды кешірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus