Арман мен мақсат айырмашылығы
Адам өмірінде арман мен мақсат үлкен рөл атқарады.Көбінесе біз бұл ұғымды бірдей деп қабылдаймыз,дегенмен олардың мәні мен мағынасы әртүрлі.Арман-адамның ішіндегі,жүрегіндегі қиял,ал мақсат-арманға жетудің нақты жолы.
Арман-шексіз.Ол адамды алға қарай жетелейді,үміт береді.Әр адам бала кезінен көп нәрселерді армандайды:біреу мұғалім болғысы келеді,ал біреуі ұшқыш болғысы келеді.Бірақ арман тек ой деңгейінде қалып қоюы әбден мүмкін.Сол үшін әр адам арманына берік болып,оны орындауға әрекет ету керек.
Ал мақсат-жоспарланған,нақты дүние.Мақсат қою дегеніміз-арманды жүзеге асыру үшін қадам жасау.Мысалы «мұғалім болғым келеді» деген арман болса, мақсат-ұбт-ны жақсы тапсырып,Абай университетіне түсу.Яғни,мақсатта нақты жоспар,уақыт және әрекет бар.
Арман мен мақсат бір бірімен тығыз байланысты.Арман адамға...