Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда алименттің ең төменгі мөлшері белгіленуі мүмкін

Қазақстанда алименттің ең төменгі мөлшері белгіленуі мүмкін. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылары (ЖСО) палатасының төрағасы Нұржан Арынғазинов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Палата басшысының сөзінше, алимент төлеушілер тиісті сомадан аз төлеу үшін көбіне табысын әдейі төмендетіп көрсетеді. Он мыңдаған қазақстандық баласына айына небәрі 15 мың теңге төлесе, енді бірі заңды міндеттемелерін орындаудан мүлдем жалтарып жүр.

"Біз баланың тамақтануы, киімі, білім беру курстары мен бос уақыты сияқты базалық қажеттіліктерін ескере отырып, алименттің ең төменгі сомасын заң жүзінде бекітуді ұсынамыз. Бұл жалған жұмысқа орналасу мәселесін шешеді. Борышкер ең төменгі жалақыны (2026 жылы 85 000 теңге – ред. еск.) көрсетіп, жұмысқа жалған орналасқан жағдайда, бала айына небәрі 15 мың теңге алимент алатын кездер жиі кездеседі. Мұндай сомаға баланы асырау мүмкін еместігін бәріміз түсінеміз", - деді Нұржан Арынғазинов Мәжіліс кулуарында.

Журналистер алименттің белгіленген сомасы ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аз немесе көп болуы керек пе деген сұрақ қойды. Палата басшысы әзірге нақты есептеу жоқ екенін, бірақ бұл қаражат баланың "қалыпты өмір сүруіне" жетуі тиіс екенін айтты.

"Нақты айта алмаймын: бұл не ЕТЖ-ға, не ең төменгі күнкөріс деңгейіне (50 000 теңгеден сәл асады – ред. еск.) байланысты болуы керек шығар. Бұл мәселені әлі де талқылап, қарастыру қажет", - деді Арынғазинов.

Республикалық ЖСО палатасы мәліметінше, Қазақстанда 12 мыңға жуық адам алимент төлеуден жалтарып жүр.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов алимент қорын салық түсімдерінен емес, мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен құруды ұсынды.
Тағы оқыңыз: Жалақы тым аз болса, салық органдарын күтіңіз. Қазақстанда бухгалтерлерге SMS жіберіледі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus