Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астаналықтарға LRT маңы қалай абаттандырылатыны айтылды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ның тестілік қолданылу барысымен танысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы елорда әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол LRT-ның сынақ жұмыстары іс жүзінде аяқталғанын, жүйе толықтай пайдалануға дайын екенін атап өтті.

"ЛРТ-ны жақын уақытта іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазір инфрақұрылым мен абаттандыру жұмысы белсенді жүріп жатыр. ЛРТ іске қосылғанға дейін ең алдымен станцияларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы толық аяқталатын болады. Абаттандыру жұмысы жаз бойы белсенді түрде жалғасады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жұмыс қарқынды жүргізіліп жатқан негізгі учаскелердің бірі – Тәуелсіздік даңғылынан "Нұрлы жол" жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралық.
Жаз мезгіліне арналған жұмыс жоспарына мына бағыттар енгізілген:
- Жол құрылысы: станцияларды қаланың көлік желісіне біріктіру үшін іргелес жолдар мен кірме жолдарды жайластыру көзделген.
- Көгалдандыру: жасыл желек (ағаштар, бұталар және көпжылдық шөптер) отырғызу бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Бұл ЛРТ желісі бойында «жасыл дәліз» қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Жарықтандыру: түнгі уақытта қауіпсіздік пен эстетикалық тартымдылықты қамтамасыз ететін заманауи жарықтандыру жүйелерін орнату қарастырылған.
- Абаттандыру: эстакада астында шағын сәулет нысандарын орнату және қала тұрғындары үшін тартымды аймақтарды қалыптастыру жоспарланған.


"Осылайша, станциялар мен оларға апаратын жолдардың функционалдық дайындығы жақын уақытта қамтамасыз етіледі, ал ЛРТ бағыты бойындағы ландшафтық-сәулеттік келбетті кешенді түрде қалыптастыру жаз маусымының соңына дейін жалғасады. Бұл жұмысты агротехникалық нормаларды толықтай сақтай отырып, сапалы орындауға мүмкіндік береді", - деді Астана әкімі.


Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта Ш.Қалдаяқов көшесінің Тәуелсіздік даңғылынан А62 көшесіне дейінгі аралығында құрылыс жұмысы жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы ұзындығы 4,6 км құрайды.
Елорда әкімі жоба аясында көше-жол инфрақұрылымын кешенді дамыту: тротуарлар мен веложолдар салу, тұрақ орындарын жайластыру, сыртқы жарықтандыруды орнату, суару құбырларын тарту, сондай-ақ көгалдандыру аймақтарын қалыптастыру қарастырылғанын айтты.

Бірінші кезекте станцияларға іргелес аумақтарды абаттандыру және оларға кедергісіз кіруді қамтамасыз ету үшін жолдарды жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Тәуелсіздік даңғылы жағынан асфальт-бетон жабынын төсеу және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл Қалдаяқов көшесі бойымен Тәуелсіздік даңғылынан "Нұрлы жол" теміржол вокзалына дейін тікелей өту мүмкіндігін қамтамасыз ету жоспарланған.


"Бекітілген кестеге сәйкес қозғалысты кезең-кезеңімен ашу қарастырылған. Сондай-ақ жолды Шаймерденов көшесіне (жобалық атауы А-62) дейін одан әрі ұзарту жоспарланып отыр", - деді Астана әкімі.


Фото instagram/jenis_qasymbek
Астана LRT-да жүруге арналған жеңілдік карталары енгізіледі
Айта кетейік, 28 сәуірден бастап Астанадағы LRT-да жүруге арналған атаулы көлік карталарын ресімдеуге онлайн-өтінімдер қабылдау басталады. Олар оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар санатына қолжетімді болады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus