Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Оман премьер-министрінің орынбасарын қабылдады

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығы премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз саналатынын, Қазақстанның ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейіл екенін жеткізді.

"Екіжақты саяси-экономикалық байланыстарымыз нығайып келе жатыр. Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидқа сәлемім мен ізгі тілегімді жолдаймын. Ұлы мәртебелі Сұлтанның Астанаға сапармен келуін күтеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Премьер-министрдің орынбасары қонақжайлықпен қарсы алған Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Оман тарапы мемлекетаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

"Қазақстан – өте әсем әрі мәдени мұраға бай ел. Сізге Ұлы мәртебелі Сұлтанның сәлемін жеткізу мен үшін үлкен құрмет. Өзіңізге мәлім, екі елдің қарым-қатынасы 1992 жылдан бастау алады. Осылайша, Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше елдер арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанмен дипломатиялық байланыс орнаттық. Бізді барлық бағытты, соның ішінде мәдениет, сауда, экономика және туризм салаларын қамтыған тығыз ықпалдастық байланыстырады. Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз", – деді Зиязин бен Хайсам Әл Саид.

Қазақстан Президенті Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан қазіргі сәтте бауырлас Оман халқын қолдайтынын тағы да атап өтті.
Мемлекет басшысы аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ерекше күш жұмсап келе жатқан Оманның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалады.
Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту перспективасы талқыланды. Әсіресе, энергетика, металлургия, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салаларындағы ықпалдастыққа, мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандырудың маңызына назар аударылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты және халықтарымыздың өзара достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін премьер-министрдің орынбасары Зиязин бен Хайсам Әл Саидты I дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus