Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары Астанадағы саммитте қандай құжаттарға қол қойды?
Астанада өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, "Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешіміне; "26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешіміне; "Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы" Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешіміне қол қойылды.
Сонымен қатар саммит қатысушылары Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесіне қол қойды.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді.
Президент Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшыларына саммитке қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.
Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай сөз сөйледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!