Жаңа дәуірдегі Ордабасы: жанкүйер сенімі мен жеңіске жол
«Алға, Орда!» деп шымкенттік футбол сүйер қауым Ордабасының үйдегі әрбір ойындарын стадионды толтырып, «аншлаг» жасап қарсы алады. Осы маусымда клуб жекеменшікке өткеннен кейін, жанкүйерлердің қызығушылығы артқаны байқалады. Шымкенттік Ордабасының әр ойыны – нағыз мереке: түрлі жұлдыз әншілер, екі ойын қатарынан автокөліктер мен бағалы сыйлықтар. Бұл қазақ футболының дамуының айқын көрінісі.
Қазіргі таңда Ордабасы ҚПЛ кестесінде 2-орында, 6 ойында 12 ұпай жинап тұр. Жаңа легионерлер мен жаңа тактикалар клубқа чемпиондыққа таласуға үміт береді. Мен де шымкенттік Ордабасының жанкүйерімін. Тек алға, Ордабасым!