Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтар ертең аспандағы ерекше құбылысты тамашалай алады

Қазақстандықтар 22 сәуірге қараған түні Лирид метеор ағынының шарықтау шегін тамашалай алады.Tengri Life Фесенков атындағы астрофизика институты сарапшыларынан ел тұрғындары арман-тілектерін айтып үлгеру үшін аспанға қай уақытта қарау керектігін білді.
Ғалымдар дерегі
ҒЗИ мен КЖФИ Күн астрономиясы зертханасы мамандарының мәліметінше, 22 сәуірде Мәскеу уақытымен шамамен 23:00-де (Астана уақытымен 01:00), Лирид жұлдыз жауынының ең жоғары белсенділігі күтіледі.

"Егер сізде көп тілек жиналып қалса, онда осы сәрсенбіде түн ортасына таман Ғалам оларды айтуға кезекті мүмкіндік береді. Жылдық күнтізбелерге сәйкес, сағат 23:00-де (Мәскеу уақытымен) көктемнің ең көрнекті метеорлар ағынының бірі - Лирид жұлдыз жауыны шарықтау шегіне жетеді", - деді ғалымдар.

Мамандар белгілі бір жағдайларда сағатына 20-ға дейін аққан жұлдызды көруге болатынын айтты:

мөлдір таза аспанда,
қаладан алыс жерде.

Қазақстанда қалай көруге болады?
Бізді Қазақстанда жұлдыз жауынын бақылауға бола ма деген сұрақ қызықтырды. Астрофизика институтының қызметкері, маман Светлана Мошкина белсенділіктің шарықтау шегі 22 сәуірге сәйкес келетінін айтты.

"Лирид метеорлар ағынының шарықтау шегі 22 сәуірде күтіледі. Радиант Лира шоқжұлдызында, Вега жарық жұлдызының жанында орналасқан. Белсенділік кезеңі 14-30 сәуір аралығында жалғасады", - деді сарапшы.

Оның айтуынша, бақылау үшін жағдай қолайлы болады және жұлдыз жауынын барлығы көре алады.

"Үлкейіп келе жатқан Ай айтарлықтай кедергі келтірмейді. Белсенділік шарықтаған кезде сағатына 18-ден 23-ке дейін метеор күтіледі. Бақылау үшін ең қолайлы уақыт - түннің екінші жартысы, таң атқанға дейін. Метеорлар ағыны Қазақстанның бүкіл аумағында көрінеді", - деп толықтырды Светлана Мошкина.

Бақылау үшін бірнеше фактор маңызды:

қала шамдарының жарығы аз болу;
ашық ауа райы.

Еске салсақ, Лирид жұлдыз жауыны - адамзат 2600 жылдан астам уақыт бойы бақылап келе жатқан көне астрономиялық құбылыс. Оның қайнар көзі 1861 жылғы үлкен комета болды: ол өз орбитасымен қозғала отырып, артынан шаң бөлшектерінен тұратын із қалдырған. Енді жыл сайын сәуірде Жер осы ғарыштық ізді кесіп өтеді.
Тағы оқыңыз: Алматы тұрғындары аспандағы сирек құбылысты суретке түсіріп алды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus