Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Спортшы-блогер Ironman жарысы кезінде қаза тапты

Техастағы (АҚШ) Ironman жарысы кезінде бразилиялық блогер Мара Флавия Араухо жүзу кезеңінде қаза тапты. Құтқарушылар оның денесін бірнеше сағаттан кейін ғана тапты, деп хабарлайды Tengri Sport тілшісі Marca-ға сілтеме жасап.
38 жастағы блогер әрі спортшы көп жыл бойы триатлонмен айналысып, салауатты өмір салтын насихаттаған.
Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын ғана ол әлеуметтік желіде электролиттердің пайдасы туралы кезекті видео жариялаған еді.
Америкадағы кезекті жарыс инфлюенсер мен оның жанкүйерлері үшін қайғылы аяқталды.

"Бүгінгі IRONMAN Texas триатлонының жүзу кезеңінде жарысқа қатысушының қаза тапқанын өкінішпен растаймыз. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз және осы қиын сәтте оларға қолдау көрсетеміз. Жедел қызмет мамандарына көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз", - деп хабарлады ұйымдастырушылар турнирдің ресми парақшасында.

Өлімнің ресми себебі әлі белгісіз, бірақ БАҚ Марада жарыс алдында тұмау белгілері болғанын, бұл оның жарыс кезіндегі жағдайына әсер етуі мүмкін екенін анықтады.

"Ол сапар алдында ауырып, өзін жайсыз сезінген болатын. Әйелім екеуміз онымен сөйлесіп, бұл жарысқа денсаулығы әлсіз екенін айттық. Дегенмен, бірнеше күн бұрын сөйлескенімізде, ол бәрі жақсы екенін айтып сендірген еді. Тұмаудан әлсіреп қалса да, жаттығуды тоқтатпады. Болған жағдайға әлі де сене алар емеспін", - деп келтіреді Marca блогердің досы Луис Тавейраның сөзін.

Айта кетейік, Мара Флавия триатлонға денсаулығындағы мәселелерге байланысты келген болатын. Кейін ол ауруын жеңіп, өзгелерге үлгі бола білді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Mara Flávia (@maraflavia) жарияланымы


Бұған дейін триатлоннан әлем чемпионатының екі қатысушысы Испаниядағы жарыс кезінде қаза тапқан болатын.
Ал Аргентинадағы ралли жарысында көліктердің бірі көрермендерге соғылып, біреуі мерт болды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus