Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жай ғана маусымдық мәселе емес“. Алматыда балалар мен ересектер арасында аллергия артып барады

Алматыда аллергия жағдайлары көбейіп келеді. Дәрігерлер аллергия маусымы ерте басталып қана қоймай, ұзаққа созылатынын айтады. Бұл дерттің неліктен ең өзекті медициналық мәселелердің біріне айналғаны және мамандардың онымен қалай күресетіні туралы TengriHealth материалынан оқыңыздар.
Балалар мен ересектер арасындағы көрсеткіштің өсуі
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аллерголог-дәрігер Арай Батырбаева 2025 жылғы мәліметтер бойынша, 14 жасқа дейінгі балалар арасында аллергиялық риниттің 4,7 мыңға жуық жағдайы және бронх демікпесінің үш мыңнан астам жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.
Ересектер арасында демікпенің 11 мыңнан астам жағдайы анықталса, ринит шамамен 7,5 мың пациентте тіркелген.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда аллергиялық аурулардың көбейгенін көріп отырмыз, әсіресе бұл балалар арасында қатты байқалады. Ересектерде бронх демікпесі жиі тіркеледі, бұл уақыт өте келе аурудың асқынатынын көрсетеді", - деді Арай Батырбаева.

Спикер туралы: Арай Батырбаева - аллерголог-дәрігер, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы Республикалық аллергология орталығының жетекшісі.
Сарапшы негізгі себептер қатарында, әсіресе Алматыдағы тозаңның жоғары деңгейін, сондай-ақ кеш диагностика мен өз бетінше емделуді атап өтті.

"Аллергия - бұл жай ғана маусымдық мәселе емес, ерте жастан көңіл бөлуді қажет ететін созылмалы ауру", - деп түйіндеді маман.

Пациенттер қашан және не нәрсеге реакция береді?
Алматыда аллергия қай маусымда көбейеді:

көктемде ағаш тозаңдары - қайың, қандыағаш және терек қауіп төндіреді,жаздың басында - астық тұқымдас шөптер,ал жаздың соңы мен күзде - арамшөптер, ең алдымен жусан мен амброзия.

Сарапшының сөзінше, ең қиын кезеңдер - сәуір-мамыр, маусым-шілде және әсіресе тамыз-қыркүйек айлары, бұл кезде пациенттерде ауру белгілері қатты байқалады.

"Соңғы жылдары біз тозаңдану маусымының ерте басталып, ұзаққа созылатынын байқап жүрміз. Бұл климаттық өзгерістерге байланысты. Ең ауыр кезең - жаздың соңы мен күздің басы, бұл уақытта жусан мен амброзия сияқты арамшөптер гүлдейді. Дәл осы кезде пациенттердің көпшілігінде симптомдар барынша күшейеді", - деп түсіндірді дәрігер.

Ол сондай-ақ пациенттерде ауру белгілері тіпті ақпан айында - ауадағы зең аллергендері мен споралардың кесірінен пайда болатынын айтты.

"Бұл жыл сайын байқалады. Ақпан айының өзінде бізге пациенттер жүгіне бастайды. Тозаң болмаса да, ауру белгілерін тудыруы мүмкін басқа да маңызды аллергендер болуы ықтимал", - деді Батырбаева.

Диагностика және емдеу
Оның айтуынша, заманауи әдістер аллергияның себебін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде ерекше Е иммуноглобулиндеріне қан талдауы, терілік прик-тесттер және басқалары бар.
Дәрігерлер гүлдеу маусымында аллергендермен жанасуды азайтуды ұсынады:

құрғақ және желді ауа райында далада аз болу,үйге келген соң жуынып, киімді ауыстыру,терезелерді жауып, ауа тазартқыштарды пайдалану,тозаңмен жанасуды барынша азайту,симптомдар асқынғанша күтпей, емді алдын ала бастау.

Батырбаева өз бетінше емделуге болмайтынын атап өтті.

"Антигистаминдік препараттар симптомдарды басады, бірақ аурудың себебін жоймайды. Белгілер қайталанған жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну керек", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін аллергиялық аурулар әлемдік денсаулық сақтау саласына төнген басты қатерлер тізіміне ресми түрде енгенін жазған едік.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus