Өлмейтіндер өлді деуге келмейтіндер…
Тұлға болу оңай емес. Тұлға — ол қоғамға пайдасын тигізіп, өз жанынан елінің жанын биік қоятын жан. Тұлға боламын десең, ең алдымен нағыз патриот болуың керек. Осы орайда қазақтың жеке дара тұлғасы болған жан — Мұхтар Шаханов.
Қазақ жұртының қабырғасы қайысты. Қазақ Мұхтарынан айырылды. Қазақ баласының рухының ешқашан мұқалмайтынын Кремльде үш минутта дәлелдеген қазақтың дарасы, аңыз адам, ғасыр адамы Мұхтар Шаханов дүниеден озды (02.07.1942–19.04.2026). Мұхтар Шаханов — қазақ тілінің жанашыры, ҚР-ның беделді Халық жазушысы, әрі ақыны. Мұхтар Шаханов тек қана бір саланың жаны емес, ол кісі көп саланың майталманы болды десем артық айтпаспын. Батылдығы мен ержүрек қайсарлығы барша...