Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда өндіруші компаниялардың кірісі туралы ақпарат ашық болады

Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі, соның ішінде олардың табысы, келісімшарттары мен бюджетке төленетін төлемдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутат Ерлан Барлыбаевтың сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Наурызда Мәжіліс депутаты Конституция бойынша жер қойнауы халыққа тиесілі екеніне, бірақ өндіруші салалардағы ашықтықтың әлі де шектеулі екеніне назар аударған болатын. Оның айтуынша, мұнай-газ және тау-кен металлургия секторындағы ірі компаниялар көбінесе ЖШС нысанында жұмыс істейді және акционерлік қоғамдардан айырмашылығы, егжей-тегжейлі қаржылық есептілікті көпшілікке жариялауға міндетті емес. Соның салдарынан қоғам, тіпті Парламент те елдің табиғи ресурстарының қалай пайдаланылып жатқаны туралы ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.
Депутат ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, барлық ірі жер қойнауын пайдаланушылар үшін ақпаратты ашудың бірыңғай талаптарын енгізуді ұсынды.

Премьер-министр не деп жауап берді?
Үкімет басшысының жауабында қолданыстағы заңнамада ашықтық тетіктері қарастырылғаны айтылған. Атап айтқанда, компаниялар жыл сайын "Қаржылық есептілік депозитарийі" порталында қаржылық есептілігін жариялайды.
Дегенмен цифрлық құралдарды дамыту негізгі жаңалық болмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлағандай, өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы аясында жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау жоспарланған.
Бұл платформада компаниялар туралы кеңірек ақпарат, соның ішінде мыналар ашылады:

бюджетке төленетін төлемдер;
келісімшарт талаптары;
табысты бөлу.

Осылайша, жер қойнауын пайдаланушылардың қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым ашық әрі қолжетімді болады.
Бұл ретте депутаттың жаңа компанияларды тек акционерлік қоғам нысанында жұмыс істеуге міндеттеу туралы ұсынысы қолдау таппады - Үкімет бұл инвестицияларды шектеп, кәсіпкерлік еркіндігі принципіне қайшы келуі мүмкін деп санайды.
Үкімет саланың ашықтығын арттыру бағытын ұстанатынын, бірақ бизнес нысанына қойылатын талаптарды қатаңдатпайтынын мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus