Елена Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты
Штутгарттағы турнирдің финалында Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшілері рейтингінде 12-орында тұрған чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.
Кездесу 19 сәуірде Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы
Еске салайық, 1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің 19-ракеткасы Диана Шнайдерді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Ширек финалда Рыбакина басым түсіп, әлемнің 25-ракеткасы Лейла Фернандесті үш сетте — 6:7, 6:4, 7:6 есебімен артта қалдырды.