МҰЗБАЛАҚ АҚЫН - МҰҚАҒАЛИ
Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың биыл туғанына 95 жыл толып отыр. Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзиясының заңғар шыңына көтеріліп, артында өшпес мұра қалдырған ақиық ақын. Ақын шығармаларынан оның өмірге деген сүйіспеншілігін, Отанға деген патриоттық сезімін, сондай-ақ, адамдар арасындағы болуы мүмкін терең махаббатты көруге болады. Мұқағали жырлары әрбір жанның жүрегін тербеп,ішкі сезімдеріне әсер етпей қоймайды. Солардың ішінде өзіме ерекше әсер қалдырған шығармалардың бірі «Сәби ана».
«Сәби ана» өлеңі - ананың балаға деген шексіз махаббатының көрінісі. Үміт пен қайғыны, шексіз мейірімді қатар өрбіткен терең мағыналы шығарма әрбір адамға үлкен әсер қалдыратыны сөзсіз. Шығармада қолына қуыршақ пен құлыншақ ұстаған ананың бейнесі...