Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Мұндай жанкүйерлер әлемде жоқ“: UFC аңыздары қазақстандықтарға тәнті болды

Танымал файтерлер, UFC-дің бұрынғы чемпиондары Генри Сехудо мен Камару Усман Қазақстандағы аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне тәнті болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
UFC-дің бұрынғы чемпиондары өздерінің YouTube-арнасында аралас жекпе-жектің ең мықты жанкүйерлері қай елде екенін талқылаған.
Көп ойланбастан, Генри Сехудо ММА-ның ең жанкешті жанкүйерлері Қазақстанда екенін айтты.
Камару Усман да онымен келісіп, өзін Қазақстанның үздік файтері Шавкат Рахмоновпен жұдырықтастыруы мүмкін болған сәтті еске алды.

"Мен көп елде болдым. Бірақ Қазақстандағыдай жанкүйерді еш жерден көрмедім. Оларды ешкіммен салыстыруға келмейді. Олар - жай ғана жанкүйер емес, нағыз фанаттар. Меніңше, әлемде Қазақстандағыдай мықты жанкүйер жоқ", – деді Генри Сехудо.

Ал Камару Усман бұл пікірді қостап, Шавкатпен жекпе-жек өтуі мүмкін болған кезде әлеуметтік желідегі пікірлерді қазақ жанкүйерлері жаулап кеткенін айтты.

"Шынымды айтсам, сенімен келісемін. Өйткені Шавкатпен жекпе-жек шығуы мүмкін деген әңгіме тарағанда, пікірлер әбден мезі етті. Әр жазбамнан кейін ертеңіне оянсам, 4-5 мың пікір пайда болады. Бәрі Қазақстанның туы", – деді Усман.

Еске салайық, Генри Сехудо бұған дейін де Шавкат Рахмонов пен Қазақстан жайлы жылы пікір айтқан болатын. Қазақстанға келген сапарында ол Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында Шавкатты жоғары бағалап, жақын арада UFC чемпионы атануы мүмкін екенін болжаған.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Камару Усманмен 2024 жылдың өзінде-ақ октагонда кездесуі мүмкін еді. Ол кезде Рахмонов сол кездегі чемпион Белал Мұхаммадпен жұдырықтасады деп күтілген. Алайда қарсыласы жарақат алғаннан кейін оған жаңа қарсылас ізделе бастаған. Сол кезде Усманның өзі қазақстандық спортшымен жұдырықтасуға ниет білдірген.
Кейінірек Шавкаттың өзі де нигериялық файтерді ықтимал қарсылас ретінде қарастырған. Ал Рахмоновтың бапкері келесі қарсыласы дәл Усман болады деп мәлімдеген еді.
Алайда уақыт өте келе Рахмоновқа басқа қарсылас табылып, ол ирландиялық Иан Мачадо Гэрримен 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Ал Усман жарты жылдай жекпе-жексіз қалып, 2025 жылдың маусымында Хоакин Баклиге қарсы октагонға шықты. Нигериялық спортшы бұл кездесуде сенімді өнер көрсетіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus