UFC жұлдызы ұшақтан түсірілді: себебі айтылды
Танымал ресейлік блогер Адам Зубайраев өз парақшасында UFC жұлдызы, жеңіл дивизион өкілі Арман Царукянның ұшақтан шығарылған сәті түсірілген видеоны жариялады.
Блогердің айтуынша, бұған спортшының командасындағылардың бірі ұшақ көтерілер сәтте телефон қолданғаны себеп болған.
"Ұшақ ұшар алдында команда мүшелерінің бірі телефон қолданғаны және тағы бір адам шағын үстелді ашып қойғаны үшін Арман мен оның екі досын RAF турниріне бет алған ұшақтан шығарып жіберді", - деп жазды Зубайраев.
Арман Царукян мен оның екі досы Лос-Анджелестен Филадельфияға бағыт алған American Airlines рейсінен ұшақ көтерілу кезінде телефонға қарап отырғаны үшін шығарылды, нағыз сорақылық. pic.twitter.com/02Huk3rgJc
— Адам Зубайраев (@AdamZubayraev) 16 сәуір, 2026 жыл
Айта кетейік, бұл ұшақпен Арман Царукян 19 сәуірге қараған түні өтетін RAF күрес лигасының турниріне бара жатқан болатын.
Онда армян файтері танымал америкалық спортшы, WEC (UFC сатып алған) экс-чемпионы Юрайя Фейбермен жекпе-жек өткізуі тиіс еді.
Еске сала кетейік, Арман Царукян соңғы рет октагонға 2025 жылғы 22 қарашада Дохадағы (Қатар) "Ali Bin Hamad al-Attiyah Arena" аренасында өткен UFC Fight Night 265 турнирінде шыққан болатын.
Ол қарсыласы жаңазеландиялық Дэн Хукер жеңген болатын.