Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында Каспий жағалауына 100-ге жуық итбалықтың өлексесі шығып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, итбалық өлекселері 17 сәуірде Түпқараған ауданында табылды. Итбалықтардың денесі жағаға батыстан соққан қатты желдің салдарынан шығып қалғаны атап өтілді.
Жануарлардың қырылу себептерін анықтау және салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оқиға орнына табиғат қорғау және мемлекеттік органдардың, соның ішінде экологтар, ветеринария қызметтері, полиция және бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері барды.
Мамандар сынама алу, зерттеу жүргізу және қолданыстағы ережелерге сәйкес өлекселерді жоюды ұйымдастырумен айналысады.
Гидробиология және экология институтының ақпараты бойынша, итбалықтар осыдан бір айдан астам уақыт бұрын қырылған. Алайда жануарлардың денесі батыстан соққан желдің әсерінен жағаға енді ғана шығып қалған.
Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Құзырлы орган өкілдері жағдай тұрақты бақылауда екенін айтты.










Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым Ресми аккаунттан (@fishcommitteekz)


Каспийде қанша итбалық бар?
Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы басқармасы Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында бүгінде Каспий итбалықтарының саны шамамен 270 мың басқа жететінін хабарлады.

"Итбалықтардың өміріне төнетін негізгі қауіптер — қолайсыз климаттық факторлар, сондай-ақ теңізде көмірсутек өндірудің кеңеюі, қарқынды кеме қатынасы, балық аулау торларына ілініп қалу және басқа да антропогендік факторлар", – делінген жауапта.

Мамандардың түсіндіруі бойынша, дәл осы себептер түр санының жалпы азаюына әкелген. Ресми мәліметтерге сәйкес, кейінгі жылдардағы популяция динамикасы мынадай болды: 2023 жылдың басында шамамен 260 мың бас болса, 2024 жылғы есеп бойынша шамамен 311 мыңға жеткен.
"Түрдің жойылып кету қаупі байқалмайды"
Басқарма өкілдері бүгінде түрдің жойылып кету қаупі жоқ деп сендірді.

"2020 жылғы қарашада Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді. Сонымен қатар 2024 жылғы қазанда "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесі құрылды", – деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ билік Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Каспий итбалығының көбею кезеңінде қысқы кеме қатынасын шектеу мәселесін пысықтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus