Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мыңдаған мопед және жаңа куәліктер: Қазақстандағы мототранспорт саласында не өзгерді?

2025 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанда мопед жүргізушілеріне механикалық көлік құралдарының жүргізушілерімен бірдей жауапкершілік артылды. Бұл мопедті басқару үшін жүргізуші куәлігі болуы қажет дегенді білдіреді. Сонымен қатар көлік тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Tengri Auto тілшісі Ішкі істер министрлігінен қанша қазақстандықтың мопед айдау үшін куәлік алғанын білді.

Қанша қазақстандық жүргізуші куәлігін алды?

Ведомствоның берген жауабына сүйенсек, бір жыл ішінде А санаты бойынша 3652 адам, А1 санаты бойынша 3141 адам жүргізуші куәлігін алған.

Анықтама: А1 санаты қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі мототехниканы басқаруға құқық берсе, А санаты тіпті қуатты мотоциклдерді де тізгіндеуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, мопед айдау үшін басқа санаттағы, оның ішінде В санатындағы жүргізуші куәліктері де жарамды. Сондай-ақ осы санаттағы куәліктермен түрлі қуаттағы электр мотоциклдерін де басқаруға болады.

Бұған дейін мототөлік басқару құқығын алу оңай шаруа емес екенін анықтаған едік.

Мәселен, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жыл басынан бері А санаты бойынша 1297 адам теориялық емтиханды сәтті тапсырса, тағы 1056 адам тапсырмаларды орындай алмаған.

А1 санаты бойынша 603 адам емтихан тапсырды, бұл ретте 592 кандидат тестілеуден өте алмады.

Осылайша, қазақстандықтардың жартысына жуығы мототөлікке арналған теорияны бірінші реттен тапсыра алмайды.

Қанша мопед мемлекеттік нөмір алды?

ІІМ хабарлауынша, бір жыл ішінде елде 30 248 мопед тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, республикада А1 санатындағы барлығы 46 079 көлік құралы бар.

Мопедті қалай тіркеуге болады және қандай құжаттар қажет?

Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Жеке басты куәландыратын құжаттарды электронды түрде көрсетуге және техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсынуға болады.

Бұдан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізу және мемлекеттік алымдарды төлеу қажет: тіркеу үшін – 0,25 АЕК, тіркеу туралы куәлік бергені үшін – 1,25 АЕК және мемлекеттік нөмір үшін – 1,4 АЕК.

Мопед жүргізушілерінің ереже бұзуы

Ережелердің қатаңдатылғанына қарамастан, мопед жүргізушілерінің арасында тәртіп пен жүргізу мәдениеті әлі де төмен деңгейде. Мәселен, 11–12 сәуір аралығында Алматы облысында 438 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Олардың қатарында мототөлікті құжатсыз басқару, қорғаныс шлемінсіз жүру, қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру және маневр жасау ережелерін бұзу бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus