Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев “Астана“ халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке АХҚО қызметінің 2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы негізгі нәтижелері, сондай-ақ орталықты одан әрі дамыту жоспары таныстырылды.

Орталық құрылғаннан бастап тартылған инвестиция көлемі 21,5 миллиард долларға жетті (2025 жылдан бері – 7,2 миллиард доллар). Орталықтың басқаруындағы активтердің жалпы көлемі 5,4 миллиард долларды құрады.

Ренат Бектұровтың айтуынша, АХҚО қатысушылары ел бюджетіне 284,3 миллиард теңге салық төлеген (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша), былтырдың өзінде 135,9 миллиард теңге аударған. Салық түсімдері өсуіне негізінен қатысушылар санының артуы және олардың қызметінің жандануы әсер етті. Мәселен, 2025 жылдан бастап 1800-ден астам жаңа компания тіркелді. Орталық қатысушыларының жалпы саны 5400-ден асты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа АХҚО органдары мен ұйымдары атқарған жұмыс нәтижелері баяндалды. AIX биржасы құрылғаннан бері борыштық және үлестік капитал көлемі 12,4 миллиард долларға артты. 2023-2025 жылдардағы сауда-саттық 4 миллиард долларға жетті.

Былтырдан бері АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы 1600-ден астам істі қарады, ал оның жалпы саны 4900-ден асты.

Мемлекет басшысына авиациялық-қаржылық экожүйені дамыту мақсатында Aviation Finance Hub іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Бұл бастама әуе кемелерін қаржыландыру мен лизингті дамытуға, салалық сараптаманы жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ АХҚО геологиялық барлаудың бастапқы кезеңдеріндегі жобаларға инвестиция тартуды көздейтін арнайы платформаны іске қосты. Орталық венчурлық қорлар мен студиялар және краудфандинг платформалар ашу арқылы өңірдегі креативті индустрияны қолдауға арналған экожүйені дамытуда.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықты одан әрі ілгерілетуге қатысты бірқатар міндет жүктеді. Осы орайда, АХҚО-ның халықаралық беделін күшейту, реттеуші ортасын жетілдіру, елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасау және Қазақстанның қаржы нарығын дамыту мақсатында орталық тәжірибесін жаппай тарату қажет екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus