Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

17 миллиардқа 3 мың орындық стадион: аренаны пайдалануға беру мерзімі өзгерді

Астана әкімдігі Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионды пайдалануға беру мерзімі шегерілгенін мәлімдеді. Арена 2026 жылдың бірінші тоқсанында салынып бітуі тиіс еді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
3 мың 598 орындық стадион былтырдан бері елордадағы ең көне аренаның орнына салынып жатыр.
Бұған дейінгі сауалдарға берген жауабында Астананың құрылыс басқармасы нысан бірінші тоқсанда тапсырылады деп сендірген болатын, алайда 2026 жылдың сәуіріне қарай ғимарат 100 пайыз дайын емес.

"Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 94 пайызға аяқталды: әрлеу, қасбетті орнату, ішкі инженерлік желілерді жүргізу, шатыр (мембрана) жабу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ресми түрде ашылуы биылғы екінші тоқсанға жоспарланған", - делінген әкімдік жауабында.

Айта кетейік, құрылыс смета шеңберінде жүргізіліп жатыр: жауапта бастапқыда көрсетілген 16,7 миллиард теңге көлеміндегі сома өзгермегені айтылған.

"Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысы" жобасының құны ҚҚС-ты есепке алғанда 16,7 миллиард теңге (ҚҚС-сыз 15,2) болады. Құрылыс елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатыр", - делінген жауапта.

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Мұңайтпасов атындағы стадион - құрылыс тарихы
Еске сала кетейік, Астанадағы еліміздегі ең көне футбол аренасы (1936 жылы салынған) саналған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион 2025 жылдың басында толығымен бөлшектелген болатын.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
12 мың орындық аренаның орнына енді сыйымдылығы айтарлықтай аз жабық футбол алаңы болады.
Бастапқыда жаңа аренаны 2025 жылдың аяғына қарай ашу жоспарланған еді, ал оның сыйымдылығы 4 мың 500 орындық болуы керек еді.
Стадион үшін 17 миллиард теңге
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда үш жаңа стадион салынды.
Қазақстандағы ең ірі арена - 30 мың адамға арналған, құны 200 миллион долларлық "Астана Арена", 7 мың көрерменге арналған 39 миллион долларлық "Түркістан Арена" және жақында Қызылордада ашылған, құрылысына 26,5 миллиард теңге (қазіргі бағаммен шамамен 48 миллион доллар) жұмсалған, сыйымдылығы 11 мың адамдық "Қайсар Арена".
16,7 миллиард теңге - бұл шамамен 32 миллион доллар, яғни "Түркістан Аренаның" бюджетімен қарайлас сома, бірақ "Мұңайтпасов атындағы стадионның" сыйымдылығы екі есе аз болады - 7 мыңға қарсы 3 мың 589 адам.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Жаңа стадион қалай пайдаланылады?
Ескі Мұңайтпасов атындағы стадион соңғы жылдары қарапайым қала тұрғындары спортпен шұғылдана алатын ашық алаң болған еді. Жаңа аренаға барлығының кіруіне рұқсат беріле ме, әзірге белгісіз.

"Стадион футбол матчтарын өткізуге арналған, сондай-ақ жаттығу орталығы ретінде пайдаланылатын болады", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер біздің сауалымызға берген жауабында.

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Бұған дейін Алматыда Қазақстандағы ең үлкен стадионның құрылысы жоспарланып жатқаны белгілі болған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus