Қойшы мен аэроплан
Біздің Тоғызбай отағасы малды адам. Тоғызбай ауылы ел ішіндегі жуан ауылымыз. Тоғызбайлар егін салып болғаннан кейін Қордай тауының алқымына тарта қонатын. Биыл да сол қара пұшық кемпірге ас берген жер ошақта отыр.
Тоғызбайдың ырысы – Батырбек. Батырбек өмірі Тоғызбаймен шығысып келеді. Мұны ауыл балалары Қара күшік дейтін. Батырбек – тықырлау, үңірек қара шал; биыл қырықтың алтауында. Бұл осы ауылғабаяғыдан қойшы. Айына серкештен есеп қылғанда, Батырбек өмір бойына талай серкеш алған шығар. Сол серкештерден құрастырып, бұрын біреудің бесіктегі қызының аяғын шырмаған. Бұл қыз он үш, он төрт жасында өліп қалып, оның сіңлісі тағы бесіктегі қызға қараған. Міне, соны биыл жазғасалым, малынан...