Май-ақ екен
I
Бекбосын бүгін ерте тұрды да, кешегі орып әкелген қурайын сымбалдап екі тең ғып буып үйге кіріп қызына:
– Күмісжан-ау, айыл жібін тағып, ыңыршақты шығарып берші, қарағым – деді.
– Аға-ау! Өгізбен кешке қаласың ғой, арқасы тәуір болса көк атқа-ақ теңдеп барсаңшы, – деді Күмісжаны.
– Сүйтсем, сүйтейін. Бірақ көк иттің өзі арқасынан аяншақтана ма? Жоқ бір желік бітейін деп жүр ме, одырайып қапты, қурайды салғызар ма екен – деп шықты да, қорадағы байлаулы тұрған көк шолақтың жанына ықылықтап келіп, мойнына ыңғайлана бергенде запы болып қалған жауыр көк шолақ арқасынан қорғанып, Бекенді бір қағып етпетінен түсірді.
Бекен қып-қызыл болып жатып...