Мен қалай үйлендім
(Тұйық әңгіме)
…Сүйтіп жүргенде «Кейкіде бір жақсы бала тұр» дегенді құлағым шалды. Егжей-тегжейін сұрастырсам: ұзатылғалы отырған қыз екен. Ескі болыстық партияның кесірінен жастайынан атастырған, бұ күнде күйеуі 12 де, өзі 18 де екен. Күйеуі ақсақ болған соң, қызменсінбей жүреді екен. Қыздың қайын атасы да өліп қалып, енді Кейкі ақсақал, жесір қатын малын жегізбеді деп, қызын бермеймін дейді екен. Оқыған азаматтардың әрқайсысы-ақ барып көріп, хат жазса да, қыздан жауап ала алмапты. Тегі қыз әкесінің ажарына қарайтын болса керек.
Сонда да маңдайымды бір сынайын деп, екі жолдас ертіп, елеусіз барып қайтқалы, атқа қондым.
Мінгенім: қаз мойын құлаторы, аяңдағанда, тізгінді іркіп тастап отырады. Кигенім: бұйра...