Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қайғылы оқиға сабақ болмаған: “Көркем-3“ тұрғын үйінің ауласына кіретін жолды тағы да көлік жауып тастаған

Астанадағы сұмдық өрт болған "Көркем-3" тұрғын үй кешенінің ауласына кіретін жолды тағы да көлік бөгеп тастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы12 сәуірге қараған түні Астананың Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Пәтер ішінен үш баланың мәйіті табылды. Өртсөндірушілер бір әйелді құтқарып қалды - ол денесі күйіп, ауруханаға жатқызылды. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Осыдан кейін факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желілерде көліктердің бірі өрт сөндіру машиналарының жолын бөгеп тастағаны, соның салдарынан олар оқиға орнына уақытында жете алмағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Threads-тен скриншот

Кейінірек Астана қалалық ТЖД тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберіс темір қақпамен жабық болғанын, ал ауланың іші көліктерге толып кеткенін хабарлады.

Бұған дейін құқық қорғау органдары жүргізушінің анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған болатын.

Не болды?

Бүгін әлеуметтік желілерде "Көркем-3" тұрғын үй кешенінде тағы бір көліктің жолды бөгеп тастағаны туралы кезекті ақпарат тарады.

Threads-тен скриншот

Жазба астында пікір қалдырушылар елордалық Полиция департаментін жаппай белгілеп, дұрыс қойылмаған көліктердің суреттерін бөлісе бастады.

Threads-тен скриншот

Threads-тен скриншот

Threads-тен скриншот

Дүйсенбі, 13 сәуір күні Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен әйелдің жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын айтты. Ол №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus