Қызылорда облысында Аманкелді ауылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 100 пайыз ауызсумен қамтылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы облыс орталығына жақын орналасқан Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылында тегеурінді тірліктер атқарылды. Алдымен, аманкелділіктердің талай жылғы арманы болған ауыз су мәселесі шешімін тапты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.