Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Венгриядағы парламент сайлауында негізгі бәсеке Орбан мен Мадияр арасында өтіп жатыр

12 сәуір күні Венгрияда жергілікті уақытпен теңертеңгі сағат 6:00-де сайлау учаскелерін ашылып, парламент сайлауына дауыс беру басталды. Дауыс беру сағат 19-ға дейін жалғаспақ.

Елде 8 миллионнан астам сайлаушы бар. Олар Ұлттық ассамблеяның 199 депутатын таңдайды. Деректерге сәйкес, алғашқы үш сағатта сайлаушылардың шамамен 17 пайызы дауыс берген. Бұл алдыңғы парламент сайлауы кезіндегі осындай кезеңдегі көрсеткіштен едәуір жоғары. Шетелдегі сайлау учаскелерінде де ұзын-сонар кезектер байқалды деп жазды басылымдар.

Биылғы сайлауда негізгі бәсеке 2010 жылдан бері билік басында отырған премьер-министр Виктор Орбан жетекшілік ететін "Фидес" партиясы мен Петер Мадияр басқаратын оппозициялық "Тиса" партиясы арасында өтіп жатыр. Сайлауға барлығы бес партия түсіп жатқанымен, нақты саяси тартыс осы екеуінің арасында жүріп жатыр. Парламентке өту үшін партиялар 5 пайыздық межені еңсеруі тиіс.

Кейінгі сауалнамалар қорытындысы сайлаушылардың 38-50% "Тиса" партиясын, 29-39% — "Фидес" партиясын қолдайтынын көрсетті. Сарапшылардың бағалауынша, оппозиция парламенттен 138-142 орынға дейін алып, конституциялық көпшілік дауыс иеленуі мүмкін.

Алайда бақылаушылар сайлау нәтижесі әлі де белгісіз екенін айтады. Бұған Венгрияның сайлау жүйесіне кейінгі жылдары енгізілген өзгерістер себеп болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, "Фидес" дауыс үлесі төмен болған жағдайда да округтерді бөлу ерекшеліктері арқасында парламенттегі басымдығын сақтап қалуы ықтимал.

Сайлауалды науқан кезінде Виктор Орбан "соғыс я бейбітшілік" тақырыбын негізгі аргументке айналдырып, саяси бәсекелесі Петер Мадияр елді Ресеймен қақтығысқа итермелеуі мүмкін деп мәлімдеді.

Бұған қоса халықаралық басылымдар "Фидес" мүддесін көздеуі ықтимал ресейлік жалған ақпарат тарату науқаны жөнінде де хабарлады. Сайлау қарсаңында Венгрия билігінің Ресеймен байланыстары туралы бірқатар материал жарық көрген.

Петер Мадияр өз саяси науқанын денсаулық сақтау, көлік, сыбайлас жемқорлықпен күрес және Брюссельмен жақындасу мәселелеріне құрды. Ол бұл жолғы сайлау Венгрия Орбанның жетекшілігімен Ресейге одан ары жақындай түсетінін немесе еуропалық демократия бағытына қайта оралатынын анықтайтын "референдум" деп атаған.

Сайлаудың алдын ала нәтижесі бүгін кешке, сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жарияланбық.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus