Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран бұғатталған активтерін АҚШ-пен келіссөз басталғанға дейін босатуды талап етті

Иран парламентінің спикері Мохаммад Бақер Ғалибаф АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер басталмай тұрып екі шарт орындалуы тиіс деп мәлімдеді: Ливанда атысты тоқтату және Иранның бұғатталған активтерін босату. Бұл туралы ол 10 сәуірде X әлеуметтік желісінде жазды.

Бұл шарттар екі тарап арасында алдын ала келісілген және олар орындалмайынша келіссөздер басталмайды деген Ғалибаф өзге егжей-тегжей келтірмеді.

Келіссөз бастау үшін Ливанда атысты тоқтату қажет екенін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи де айтты. Ғалибаф та, Арақчи де АҚШ-пен келіссөзге қатысатын Иран делегациясы құрамына енген.

Ғалибаф пен Арақчидің мәлімдемелерінен кейін көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамп өз Truth әлеуметтік желісінде: "Ирандықтар халықаралық су жолдары арқылы әлемдік қауымдастықты қысқа мерзімді бопсалаудан басқа қолында дәнеңе жоғын түсінбейтін сияқты" деп жазды.

8 сәуірде жарияланған уақытша бітімнен бері Иранның ресми тұлғалары Израильдің Ливанға шабуылдарын тоқтатуға бірнеше рет үндеп, оны атысты тоқтату туралы келісімнің бір бөлігі деп атады. Ал АҚШ пен Израиль Ливан бітім шартына кірмеген деп мәлімдеді.

9 сәуірде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметке Ливанмен "мүмкіндігінше қысқа мерзімде" тікелей келіссөз бастауды тапсырғаны белгілі болды. Бұған дейін, The Wall Street Journal басылымының жазуынша, оған АҚШ президенті Дональд Трамп телефон шалып сөйлескен.

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз сенбі, 11 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта өтеді деп жоспарланған. Вице-президент Джей Ди Вэнс бастаған АҚШ делегациясы Исламабадқа ұшып кеткен. "Келіссөзді асыға күтіп отырмыз. Меніңше, олар позитивті өтеді", деп мәлімдеді Вэнс сапарға шығар алдында журналистерге.

Баспасөз құралдары АҚШ делегациясы құрамына президенттің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де кіреді деп жазған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus