Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Владикавказдағы жарылыстан кемінде екі кісі қаза тауып, оннан астам адам жараланған

Ресей құрамындағы Солтүстік Осетия астанасы Владикавказ қаласында 10 сәуірде болған жарылыс салдарынан кемінде 10 кісі қаза тауып, оннан астам адам жараланған. Мұндай мәліметті төтенше жағдайлар министрлігі таратты. Алдын ала дерек бойынша, тұрғын үйлер тұрған аумақта орналасқан пиротехникалық заттар сақталған қоймада жарылыс болған.

Құтқарушылар жарылыстан күйреген ғимараттың үйінділері астынан қаза тапқандарды және зардап шеккен екі адамды алып шыққан деп хабарлады. Жарылыс орнында құтқару-іздеу операциясы жалғасып жатыр, үйінді астында тағы неше адам болуы мүмкін екені айтылған жоқ.

Жарылыстан зардап шеккендер саны 14 адамға жеткен, арасында екі бала бар, олардың бәрі ауруханаға жатқызылған. Төрт адамның жағдайы өте ауыр деген ақпарат жетті.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіруге тырысып жатыр, қоймада пиротехника сақталғандықтан жарылыс болу қаупі бар дейді олар. Қойма маңында орналасқан медициналық факультет студенттері қауіпсіз жерге шығарылған, деп жазды "Новости Владикавказа" телеграм-каналы.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видеолар мен фотолар тарап жатыр. Оларда қойманың бір бөлігі қирап, қасындағы автотұрақта тұрған көліктерге зақым келгені байқалады. Солтүстік Осетия бойынша Тергеу комитеті басқармасы жарылыс пиротехникалық заттар сақталған қойманың өзінде болған деп хабарлады. Енді бір дереккөздер алдымен "ХДМ" компаниясы қоймасында жарылыс болып, кейінірек көрші тұрған пиротехника дүкені өртенгенін айтады, деп жазды Кавказ.Реалии сайты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus