Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"Атажұрттың" қамаудағы екі белсендісіне "қысым жасалғаны" айтылды

"Атажұрт" ұйымының істі болып жатқан белсенділерінің жақындары Алматыдағы жеке үйде баспасөз мәслихатын өткізіп, қамаудағы туыстарымызға белгісіз адамдар қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеді. Олардың айтуларынша, қамауда отырған жақындарына әлдебір құжатқа қол қойдырмақ болған.

Мәселен, қамаудағы Бақытнұр Нұрмұқанға бейтаныс екі адам келіп, әлдебір құжатқа қол қой деп қыстағаны айтылды. Мұны ол әкесіне 2 сәуірде айтқан. 80 жастағы қария науқас баласына "әлдекімдер қастық істегісі келеді" деп қорқады.

– Балама екі бейтаныс адам қол қойып бер депті. Балам не үшін қол қоямын деп қоймапты. Бірталай қыстапты, балам қағазда не жазылғанын айтпады. Баламның құлағы жақсы естімейді. Байрақ өртегеніңе кінәлісін бе, кінәлі емессің бе, қол қой деп айтыпты, – дейді қамаудағы Бақытнұр Нұрмақанның әкесі Нұрмақан Арыстан баспасөз мәслихатында.

Қамауда отырған Батылбек Байғазының анасы Назира Шаймұрат "Соттан екі күн бұрын бейсауат екі адам келіп, менің балама күштеп қол қойғызып алыпты. Балам неге қол қойғызғанын айтпады. Түрме бастығына барып, кірген адам кім деп едім айтпай қойды. Неге бізді кіргізбейді, баламлы алты ай болды көрсетпей отыр. Баламның денсаулығы жоқ, көзіне операция жасамақшы едік, бүйрегі ауырады" дейді.

Баспасөз мәслихатында айтылған жайттар бойынша белсенділер отырған Талдықорғандағы №71-мекеме ішіндегі тергеу изоляторынан түсініктеме алу мүмкін болмады. Мекеменің кезекші бөліміне қоңырау бармады. Азаттық мекеме қарайтын Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жіберіп қойды. Жауап бес күннен кейін келуі тиіс.

Тіркелмеген "Атажұрт" ұйымына мүше 19 адамға "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабы бойынша айып тағылған. Олардың соты Талдықорғанда жабық өтіп жатыр.

Қылмыстық іске былтыр 13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылы маңында өткен наразылық түрткі болған. Наразылық кезінде олар Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің суретін өртеген.

Наразылар Шыңжаңда қамалған қазақтарды босатуды және екі ел арасындағы визасыз режимді жоюды талап еткен. Акция барысында олар Қытайға жұмыс істеуге кетіп, кейін сол жақта ұсталған Қазақстан азаматы Әлімнұр Тұрғанбайды елге қайтаруды Қытайдан талап еткен. Ізінше белсенділер қамалып, әуелі әкімшілік жауапқа тартылды, кейін оларға қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Қазір олардың 13-і – қамауда, алтауы үйқамақта отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus