Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БАҚ: АҚШ Иранға қарсы соғыста кемінде 7 ұшақтан айырылған

CNN телеарнасының дерегінше, АҚШ Иранмен соғыс барысында кемінде жеті әскери ұшағынан айырылған. Мұның ішінде 3 сәуірде Иранның әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген F-15E Strike Eagle жойғыш ұшағы да бар. Сондай-ақ A-10 Thunderbolt II шабуылдаушы ұшағы да шығын болған: ол Иран атып түсірген F-15 ұшағы экипаж мүшесін құтқару операциясы кезінде зақымданып, өртенген.

CNN бұған дейін, 2 наурызда Кувейттің әуе қорғаныс күштері қателесіп, үш F-15 жойғыш ұшағын атып түсіргенін жазды. Олардағы экипаж мүшелері – барлығы алты адам катапультпен секіріп үлгеріп, аман қалған.

12 наурызда Ирак аумағында жанармай құятын KC-135 ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың алты мүшесі қаза тапқан. Ал 27 наурызда E-3 Sentry радиолокациялық бақылау ұшағы Сауд Арабиясындағы америкалық әуе базасына жасалған Иран шабуылы кезінде жойылған.

Бұдан бөлек, CNN дереккөздерінің айтуынша, наурыз айында F-35 жойғыш ұшағы Иран күштері жасаған болуы мүмкін шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы америкалық әуе базасына апатты жағдайда қонған. Ол ұшақ толық жойылмағанымен, елеулі зақым келгені айтылады.

Жексенбі күні америкалық әскери күштер Иран аумағында атып түсірілген F-15 ұшағында болған екінші адамды да құтқарғаны белгілі болды. CBS News мәліметінше, құтқару операциясы кезінде АҚШ күштері екі әскери-тасымалдау ұшағын, Иран жағының қолына түспес үшін, өздері жойған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus