Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран Иракқа Ормуз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат берді

Иран билігі Ормуз бұғазындағы шектеулер ірі мұнай өндіруші Иракқа қатысы жоғын мәлімдеді.

"Ормуз бұғазында енгізген шектеулерден бауырлас Ирак елі босатылған" деп жазылған мәлімдемеде.

Bloomberg-тің жазуынша, мұндай шешім тәулігіне Ирактың үш миллионға дейін баррелін нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Дегенмен Ирак шенеуніктерінің бірі агенттікке қазіргідей жағдайда кемелердің бұғазға кіруге батылы бара ма, жоқ па, мәселе сонда деп айтқан.

Мұндай шешім Ирак өндіретін барлық мұнайға қатысты ма, әлде Ирак туын ілген мұнай танкерлеріне ме, әзірге белгісіз. Ирак ОПЕК елдері арасында мұнай өндіру жағынан Сауд Арабиясынан кейін екінші орында тұр.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғалы бері Парсы шығанағындағы мұнай өндірушілер мұнай өндіруді күрт азайтқан, себебі негізгі экспорттайтын жол жабылған. Bloomberg-тің жазуынша, наурызда Ирак мұнайының экспорты алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 97% азайды, осылайша тәулігіне 99 мың барель мұнай экспорттады.

Соғыс басталғанға дейін Ормуз бұғазы арқылы халықаралық нарыққа шығатын мұнай мен мұнай өнімдерінің – 15–20%, табиғи газдың 30% астамы өткен. Оның жабылуы салдарынан Парсы шығанағында ірі мұнай өндірушілер шикізат өндіруді азайтты, шикізат та қымбаттады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus