Қамауда отырған журналист Думан Мұхаммедкәрім денсаулығы күрт нашарлауына байланысты 23 наурызда аштық ақциясын тоқтатқан. Бұл туралы 1 сәуірде Азаттыққа онымен кездесіп шыққан адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Ол тұтқынның салмағы 55 келіге түсіп, ұзақ уақыт оқшауда отыру психологиялық қысымды күшейткенін айтады.