Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Екі жыл қамауда болған қырғыз журналисі Махаббат Тәжібекқызы босап шықты

Қырғызстанда Temirov LIVE және "Айт, айт десе"медиажобаларының жетекшісі Махаббат Тәжібекқызы колониядан босап шықты. Ол екі жылдан астам уақыт қамауда болған.

Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

23 наурызда шыққан сот шешіміне сәйкес, журналист ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қамаудан босатылады.

Істі қараған Бішкек қаласы Ленин аудандық сотының судьясы Темірбек Маматов журналист адвокатының басқа өтініштерін қанағаттандырмады.

Адвокат Әсел Арғымбаева сараптамаларды іс материалдарынан алып тастау, олардың қорытындыларын қылмыстық іс аясында жарамсыз деп тану, бұлтартпау шарасын өзгерту және оны дереу босату туралы өтініштер берген. Адвокаттың айтуынша, сараптама қорытындыларын алғанда заң бұзған.

Temirov LIVE және "Айт, айт десе"жобаларында жұмыс істеген, сондай-ақ олармен бұрын ынтымақтасқан он бір журналист пен белсенді 2024 жылдың қаңтарында ұсталған. Оларға Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Жаппай тәртіпсіздіктер"бабы бойынша айып тағылған. Қырғыз ішкі істер министрлігінің тұжырымы бойынша, Temirov LIVE жобасының видеоматериалында жаппай тәртіпсіздікке шақыратын сөздер болған.

Бішкек қаласының Ленин аудандық соты осы іс бойынша 2024 жылғы 10 қазанда Махаббат Тәжібекқызын алты жылға, Азамат Ишенбековты бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Жоғарғы инстанциядағы соттар үкімді өзгеріссіз қалдырған. Журналистер Ақтілек Қапаров пен Айке Бейшекеевке үш жыл пробация жазасы тағайындалды. Қалған жеті адам ақталды.

Биыл 10 наурызда Жоғарғы сот Махаббат Тәжібекқызына қатысты бұрын шығарылған барлық үкімдерді жойып, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жіберген.

Азамат Ишенбеков 2025 жылдың сәуірінде президенттің рақымшылық актісі негізінде босатылды.

Екі жыл бойы қамауда болған Махаббат Тәжібекқызының және Қырғызстаннан шығарылған Temirov LIVE жобасының негізін қалаушы, журналист-зерттеуші Болат Теміровтың кәмелетке толмаған ұлы қазір әжесінің қамқорлығында.

Халықаралық сөз бостандығын, адам құқығын қорғау ұйымдары Қырғызстан билігін журналисті босатуға шақырып келген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus