Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҚазТАГ бас редакторының үйқамақ мерзімі 25 сәуірге дейін ұзартылды

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамағы 25 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл жөнінде адвокат Сәлімжан Мусин Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешімді Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдаған.

Былтыр желтоқсанда ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген.

Жыл соңында Әмір Қасенов үйқамаққа алынды. Сот шешімі бойынша ол дәрігер және адвокаттан басқа ешкіммен сөйлесе алмайды. Әлеуметтік желіде жазба жариялауға, сұхбат беруге тыйым салынған.

Агенттіктің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. Ақпарат агенттігі бұған дейін Freedom Finance компаниясындағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. ҚазТАГ басшылығы бұл қылмыстық істі сөз бостандығын шектеу әрекеті деген.

Қазақстан вице-премьері әрі мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін" және министрлік құзыреті аясында "журналистердің құқығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдайтынын" айтқан.

Желтоқсан айында Freedom Finance иесі, Ресейден шыққан, кейін Қазақстан азаматтығын алған миллиардер Тимур Турлов (Forbes журналы байлығын $5,8 млрд деп бағалаған) ҚазТАГ агенттігінің компанияның "алаяқтығы" туралы "біржақты 12 материал жариялауы" "жала жабу мен қоғам пікірін бұрмалауға бағытталған арнайы кампанияның" бір бөлігі болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Оның сөзінше, компания заң аясында өзінің ұстанымын қорғауға және мұның жала екендігін дәлелдеуге де дайын.

ҚазТАГ-тың жазуынша, 16 ақпанда Алматының Медеу аудандық соты Freedom Finance-тің ҚазТАГ-қа қатысты азаматтық шағымы бойынша процесті жабық еткен.

18 ақпанда Әмір Қасеновтің үйқамағы тағы үш айға созылғаны хабарланды.

ҚазТАГ басшыларына қарсы іс елде құқық қорғаушылар мен баспасөз қорғау ұйымдарының пікірінше, сөз бостандығы тарылып, ақпарат құралдарына қысым күшейген тұста қозғалды. Желтоқсан айының басында халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігі кейінгі апталарда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарына қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеп, ел билігіне үндеу жолдап, мұны тоқтатуға шақырған еді.

Қаңтарда прокуратура агенттіктің бас директоры Әсет Матаевты да үйқамаққа алу туралы өтініш беріп, артынша оны қайтарып алған. Бірақ 20 наурызда ол басқа оқиғада «Бұзақылық жасады» деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Қазір Қазақстанда тағы кемі екі журналист «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен қамауда отыр. Олардың бірі – былтыр желтоқсаннан бері үйқамақта отырған Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкенова және өткен аптада күдікке ілінген астаналық журналист Ботагөз Омарова.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus