Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранның Израильге шабуылынан 100-ден астам адам зардап шекті

21 наурызда Иранның Израильдің оңтүстігіндегі Димона мен Арад қалаларына жасаған баллистикалық ракета шабуылынан 100-ден астам адам зардап шекті.

Шабуыл аймақтағы ядролық нысандарға бағытталған деп айтылады.

Бес жасар қызды қоса алғанда, кем дегенде 10 адамның жағдайы ауыр екені айтылды.

Димонадан 10 шақырым және Арадтан 30 шақырым қашықтықта орналасқан ядролық зерттеу орталығына зақым келмеген.

Шабуыл кезінде бірқатар тұрғын үй қирады.

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) екі тарапты да «барынша ұстамдылық танытуға» шақырды.

The Times of Israel басылымынің жазуынша, Израиль билігі әскердің ирандық зымырандарды ата алмауына байланысты оқиғаны тергейді.

Иран Арад пен Димонаға соққы бермей тұрып Израиль Иранның Натанздағы ядролық нысанына соққы жасағанын мәлімдеген еді. Көп ұзамай жергілікті телеарналар Тегеран Тель-Авив соққысына жауап бергенін хабарлады.

Израиль әскері Тегерандағы Малек-Аштар ядролық университетінің орталығы нысанаға алынғанын растады, бірақ Натанзға жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus