Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана соты журналист Ботагөз Омарованы екі айға үйқамаққа жіберді

Қазақстанда тағы бір журналист "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша үйқамаққа жіберілді. Баспасөз құқығын қорғау ұйымдары журналистерге бұрын-соңды болмаған дәрежеде қысым үдегенін мәлімдеді.
Сенбі, 21 наурызға қараған түні Астана соты журналист Ботагөз Омарованы екі айға үйқамаққа жіберді. Бұл жөнінде "Құқықтық медиа орталығының" заңгері Диана Окремова хабарлады.
Оның сөзінше, Астана қалалық полиция департаменті "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша Ботагөз Омароваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіп жатыр. Полициядағылар құқық қорғаушыларға журналисті қорғануға құқығы бар куәгер ретінде тергегенін айтқан.
Жұма күні кешке Омарова полицияға шақырылған.
"О.Б есімді азаматтың арызы бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу аясында одан жауап алу үшін полицияға шақырылды және оның қатысуымен тергеу амалдары жүріп жатыр" деп жазылған полиция хабарламасында.
Іс журналистің нақты қай материалына қатысты екені айтылмайды.
Диана Окремованың айтуынша, сенбіге қараған түні Ботагөз Омароваға қолдау көрсету мақсатында журналистер жиналған. Олар жағдайға және. полицияның ақпарат бермегеніне алаңдаушылық білдірген.
"Не болып жатыр және қалай болып жатыр – полиция департаменті өте құрғақ ақпарат берді. Біз (жалған ақпарат тарату) бабын желеу етіп, журналистерге кәсіби қызметімен айналыспауы үшін барлық амалға барып жатқанына алаңдап отырмыз" деді журналист Айнұр Коскина.
Ботагөз Омарова бұған дейін қазақстандық түрлі басылымдарда істеген, қазір "Айтпа, Ботагоз" телеграм-арнасын жүргізеді. Онда өзге материалдармен қатар журналистік зерттеу де жариялайды.
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚЫСЫМ ҮДЕДІ
Баспасөз құқығын қорғау ұйымдары Қазақстанда журналистерге қысым үдегенін мәлімдеп отыр.
Құқықтық медиа орталығы ұйымы 19 наурыз күнгі мәлімдемесінде ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевтың соққыға жығылуы мен референдум күні Азаттық тілшісі Жолдас Өрісбай, Informburo тілшісі Әйгерім Ескендір және Сәния Тойкен президент дауыс беруге тиіс болған сайлау учаскесінде ұсталуын мысал ретінде келтіріп, елде ақпарат құралдарына қысым бұрын-соңды болмаған дәрежеде артқанын айтқан.

Онда қазіргі кезде Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова мен ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов “жалған ақпарат тарату” айыбымен үйқамақта отырғаны, олардың ісі туралы ақпараттың болмауы қорқыныш пен қауесеттердің таралуына себеп болып отырғаны айтылған.
“Болып жатқан жағдайлар мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөз бостандығын қамтамасыз ету, ақпарат тарату құқығын қорғау және жаңа Конституция қабылдау арқылы заңнаманы демократияландыру қажеттігі туралы мәлімдемелері аясында ерекше алаңдатарлық сипатқа ие. Біз бұл жағдайды өзін демократиялық мемлекет ретінде жариялайтын Қазақстан үшін жол берілмейтін құбылыс деп санаймыз және жағдайды жан-жақты тексеріп, журналистерді қудалауды тоқтатуға шақырамыз” деп жазылған мәлімдемеде.
Құқық қорғаушылар соңғы жылдары заңнама көбіне сөз бостандығын жүзеге асыруға емес, керісінше шектеу мен қатаңдатуға бағытталды дейді.
Желтоқсан айының басында халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігі кейінгі апталарда тәуелсіз журналистер мен баспасөз құралдарына қысым көрсетіп жатыр деп мәлімдеп, ел билігіне үндеу жолдап, мұны тоқтатуға шақырған еді.
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Human Rights Watch ұйымы 2026 жылға әлемдік есебінде Қазақстан билігі "тәуелсіз журналистерді сыни материалдары үшін қудалауды жалғастырды" деп жазған. Ұйым былтыр сәуірде тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісі бойынша бірнеше сағатқа ұсталғанын, ал QazNews24 сатиралық паблигі авторы Темірлан Еңсебектің "ұлт араздығын қоздырғаны үшін" бес жылға бостандығы шектелгенін мысал ретінде келтірген.
Дегенмен Қазақстан билігі елде сөз еркіндігіне қысым жоқ дейді. 2024 жылғы қарашада ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева "Шекарасыз тілшілер" ұйымы рейтингіндегі Қазақстанның орны жөнінде журналист сұрағына елде сөз еркіндігі шектелмейді және оған байланысты ешқандай проблема жоқ деп жауап берген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus