Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Назарбаев жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасы бойынша референдумды қолдайтын мәлімдеме жасады. Оның пікірі Назарбаевтың ресми сайтында мәтін күйінде жарияланды. 15 наурызда Астанада дауыс берген экс-президент журналистерге қайырылмай кетіп қалған еді.

"Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор", – деді Назарбаев.

Оның сөзі Тоқаевтың бұған дейін айтқандарымен үндес шықты. Жаңа Констиуция жобасына қатысты пікір білдірген Қазақстан президенті 1995 жылғы негізгі заң өз миссиясын жақсы орындады деген. "Бүгінгі Конституция еліміздің қол жеткізген барлық жетістігінің бастауында тұрды. Бұл – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы", – деді Тоқаев 2026 жылғы 6 наурызда сөйлеген сөзінде.

Экс-президент мәлімдемесінде Тоқаевқа таңдау жасағанына өкінбейтінін айтты және жаңа тілек тіледі:

"Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін" ", – деді Назарбаев.

Назарбаев 2019 жылы президенттіктен кетіп, орнын сол кезде сенат төрағасы болған Тоқаевқа қалдырғанымен, биліктің негізгі тетіктерін қолында ұстап келген.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев билікті толық қолына алып, Назарбаев барлық лауазымынан айырылды. Сол жылы 5 маусымда Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша алғашқы референдум өткізіліп, бірінші президентке берілген барлық артықшылықтар, ол – "тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген сөйлем алып тасталған. Ол жолы да Назарбаев Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus