Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады. Бұл жөнінде 14 наурызда Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Таяу Шығыста ахуал ушыққалы бері сол жақтан 10 275 қазақстандық әуе және құрлық жолы арқылы қайтарылған.
Бұған дейін Таяу Шығыс елдерінде қалған бірқатар азамат Қазақстанға ұшып жатқан рейстердің аздығына шағымданған еді.
28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан соң Таяу Шығыс елдерінде жүрген мыңдаған қазақстандық елге қайта алмай қалған. Қақтығыс басталғалы Қазақстан эвакуация ұйымдастырып, БАӘ, Катар, Оман, Сауд Арабиясында жүрген қазақстандықтарды елге жеткізген. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде барлығы он мыңнан аса қазақстандық барын айтқан.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылы 28 ақпанда басталды. Соққылар нәтижесінде жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи өлтіріліп, елдің әскери нысандары қиратылған.Иран қарымта қайтарып, Вашингтон одақтастарының инфрақұрылымы мен базаларына соққы жасап жатыр.